Елімізде Қоғамдық даму министрлігі құрылды

ATPress.kz. 30 маусым. Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі болып қайта құрылды.

Бұл туралы Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сілтеме жасап, "Ақорда" сайты хабарлап отыр.

Қоғамдық даму министрлігінің құзіретіне Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қоғамдық келісім саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері беріліп отыр. Осыған сәйкес, Президент ел Үкіметіне аталған министрліктердің штат санын қайта бөлуді, Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етуді тапсырды.


Тасым Әбіш