Еңбекші ауылдық округінде орналасқан №168 сайлау учаскесінде 2406 сайлаушы тіркелген. Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Бауыржан Ғабитұлының айтуынша, тұрғындар қарқынды түрде маңызды науқанға атсалысуда.
Түстен кейін сағат 14:00 шамасында 600-ден астам адам дауыс беріп үлгерген. 84 жастағы ауыл шаруашылығы саласының ардагері Ізбасар Саконов өз аяғымен келіп сайлау учаскесінде дауыс берді. «Мәжіліс пен мәслихат сайлауы - ел өміріндегі саяси маңызы зор іс-шаралардың бірі. Сондықтан оған әрбір азамат бей-жай қарамауы қажет», - дейді ауыл ақсақалы. Белсенді сайлаушылар ескерткіш сыйлықтарға ие болды.