Мақатта өнерпаздар сайлау учаскесін думанға бөледі

Аудандық мәдениет үйінде орналасқан №205 сайлау уческесінде аудан өнерпаздары тұрғындарға мерекелік концерт ұйымдастырып, мәдениет үйінің қызметкерлері дауыс берушілерге наурыз көже мен бауырсақ ұсынды.

Әуезді әнмен думанға бөлеген өнерпаздарға жергілікті тұрғындар риза болып, көтеріңкі көңіл-күйде өз таңдауларын жасады.

Сондай-ақ, №205 сайлау учаскесі орналасқан Мақат аудандық мәдениет үйінің алаңында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде.

Аталған жәрмеңкеге жеке кәсіпкер Сәлима Саришова ұннан жасалған өнімдерін әкелгендігін айтады.

Айта кетейік, сайлауға келген дауыс берушілер дауыс бергеннен кейін өздеріне ұнаған тәттілерін алып, үйге көтеріңкі көңіл-күймен қайтуда. Аталған жәрмеңкедегі тауарлар нарық бағасынан бірнеше пайызға әлдеқайда төмен сатылуда.

Ә.ҚАСЫМ