Ақ жаулықты аналар көш бастады

Кестелі кимешегін таққан әжелер бастаған көшті ақ орамалын тартқан аналар жалғап Хиуаз ауылы, Жаңаталап ауылдық округіндегі №180 сайлау учаскесіне өз таңдауларын жасауға келді. 

Ұлттық нақыштағы көйлектері жер сызып, мойындарындағы алқалары сыңғыр қаққан ардақты аналардың татулықты ту етіп бір мезетте сайлау учаскесінен табылуы талайдың таңдайын қақтырып, айналаға ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.

“Ел тағдырына алаңдайтын барлық тұрғын бүгінгі шарадан қалыс қалмауы тиіс деп ойлаймын. Халқымыз аман, өзгерістердің барлығы оңынан болсын! Әділетті Қазақстанның жарқын болашағына сенеміз!”,-деп жылы пікірін білдірді аяулы жандардың бірі Айжан Қожаева.

Еркеназ Қалижан