Qamqor қосымшасының артықшылығы неде?

ATPress.kz. 10 желтоқсан. Qamqor.gov.kz сайты арқылы қандай мəліметтерді көруге болады? Азаматтарға арналған qamqor, кəсіпкерлерге арналған qamqor электронды қосымшаларын қалай пайдалану керек?

Жылыой ауданы əкімдігінің мəжіліс  залында ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы Жылыой ауданы бойынша статистигі Тоқтар Оразов осы сұрақтарға жауап берді.

Жылыой ауданы əкімінің баспасөз хатшысы Əлібек Науаровтың хабарлауынша, спикер Әкімшілік құқық бұзушылықтың бірыңғай тізілімі пилоттық жобасының қазіргі кездегі қолданысы жөнінде түсінік берді. Айтуынша, пилоттық жобаға сәйкес, қазіргі кезде жол полиция қызметкерлеріне арнайы планшеттер беріліп, хаттаманы электронды түрде толтыруға мүмкіндік туды. Жəне көлік жүргізуге рұқсат етілген құжаттар жинағын өзіңізбен бірге алып жүрмей ақ, жеке куəлігіңізді көрсету арқылы көлік басқара беруге болады. 

 

Бек Әзберген