ATPress.kz. 14 желтоқсан. Индер ауданында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жергілікті филиалында «Зейнетақы жинақтарын сақтауға мемлекеттік кепілдік» тақырыбында «ашық есік» күні өткізілді.
Онда қатысушылар әуелі қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары қалай жұмыс істейді, ең бастысы мемлекет бұл жинақтардың сақталуына қалай кепілдік береді деген сұрақтарға жауап алды. Мұны аты аталған қордың облыстық филиалының барып қызмет көрсету бөлімінің жетекші маманы Кенжегүл Болғанбаева толықтай түсіндірді.
Диас Айбаров
Сурет: tengrinews.kz