ATPress.kz. 17 сəуір. Бүгін терроризм мен экстремизмнің алдын алу бағытында құрылған ақпараттық жұмысшы топ Жылыой ауданындағы террористік тұрғыда осал нысандардың басшыларымен кездесіп, түсінік жұмыстарын жүргізді. Аталған ауданда мұндай нысандардың са
Кездесу барысында құқық қорғау мамандарынан құралған жұмысшы топ тұрғындар көп жиналатын кафе-бар, мейрамхана секілді ғимараттардың əкімшілігіне қойылатын талаптар жөнінде құлағдар етті. Заңдылыққа сəйкес, адамдардың көп жиналатын жерлерінде бейнебақылау камерасы қойылуы тиіс. Бұл талап ғимараттың құжаты жасақталғанда міндетті түрде ішінде көрсетіледі. Талап орындалмаса, меншік иесі жауапкершілікке тартылады. Жылыойлық кəсіпкерлердің айтуынша, мұндай талап кейбірінің салған нысандарының құжатында көрсетілмеген болып шықты.
Лаңкестіктің қаупі туған жағдайда халықты эвакуациялауға дайын болуы ғимарат иесінің жауапкершілігінде екенін атаған топ мүшесі, Аман Меңдіғалиев ғимараттың құжаттарына да салғырттықпен қарамауға шақырды.
- Сіздердің кеңселеріңіз қоғамдық орын болғандықтан тұрғындардың көпшілігі сол жерде шоғырланады. Ғимараттарыңыздың құжаттарын ұрлануы ықтимал кез-келген жерге қоймай, əркез қадағалап тұрғандарыңыз абзал. Ғимараттың құжаты ол - террористік шабуыл жасаушылардың əрекетіне мүмкіндік. Сондай-ақ, ғимараттан күдікті белгісіз зат табылған жағдайда, оны ашып қарауға, орнынан қозғауға қатаң тыйым салынады. Сіздердің міндеттеріңіз адамдарды қауіпсіз жерге шығарып, құқық қорғау органдарына хабар беру. Басқа ешнəрсе талап етпейміз, - деді топ мүшелері.
Нұрбейбіт Нұғыманов
Сурет автордікі