ATPress.kz. 20 маусым. Кеше Жайық өзеніне 8 және 15 жастағы екі бала батып кетті. Бүгінде олардың денелері әлі іздестіріліп жатыр.
Бірінші қайғылы жағдай – 19 маусым күні, сағат 15.06 шамасында тіркелген. Махамбет ауданына қарасты Талдыкөл поселкесінде 2010 жылы туған бала Жайыққа батып кеткен. Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының қызметкерлері баланың денесін кешеден бері іздестіруде. Жалпы, жеке құрамдағы 3 адам, 1 арнаулы техника және 1 жүзу құралы жұмылдырылған.
Екінші оқиға - 19 маусым күні, сағат 18.30-да болған. Махамбет ауданы, Ақжайық ауылында 15 жастағы жасөспірім «тілсіз жаудың» құрбанына айналған. Қазіргі таңда Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының жеке құрамдағы 3 қызметкері 1 жүзу құралымен іздестіру жұмыстарын жүргізуде.
Айта кетейік, қаза тапқан екі баланың денесі әлі табылған жоқ.
Айқара Ғұмар
Фото rama.com.ua сайтынан алынған