Кәсіпкерді қорқытып, ақша алған күдікті құрықталды

ATPress.kz. 15 қыркүйек. Атырауда кәсіпкерді қорқытып, ақша алған күдікті құрықталды. Ол 27 жастағы азамат болып шықты.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті күш көрсетіп, бопсалау арқылы бизнес өкілінен 1 200 000 теңге талап еткен. Полицейлердің ұйымдастырған жедел іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті жәбірленушіден 100 мың теңгені қолма қол алу кезінде ұсталды. 

Құрықталған мезгілде күдіктінің иелігіндегі «Кia Soul» автокөлігінен өзіне тән иісі бар жасыл түсті шөп және көліктің жүк салғышынан «ИЖ-17» маркалы шолақ мылтық табылып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 194 бабы, екінші бөлімі, екінші тармақшасы негізінде қылмыстық іс көтеріліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

 

Айқара Ғұмар

Фото 47channel.ru сайтынан алынған