ATPress.kz. 18 қыркүйек. Атырауда «КамАЗ» жүк көлігін мас күйінде басқарып, үйдің қоршауын құлатқан азаматқа қатысты сот отырысы өтті. Әкімшілік іс Қызылқоға аудандық сотында қаралған.
Сотта анықталғандай, құқық бұзушы автокөлік құралын басқару үшін санаты жоқ бола тұра, 2017 жылдың тамыз айында Тасшағыл селосында «КамАЗ» автокөлігін масаң күйде басқарған. Сонымен қатар, ол бір үйдің ауласына соқтығысып, оның қоршауын құлатқан.
Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін мойындап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 608 бабының 6 бөлігімен кінәлі деп танылды. Сәйкесінше, 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Айдос Қарабала
Фото news.pn сайтынан алынған