Атырауда полицейлер қоғамдық орында қорқор тұтынудың 37 дерегін анықтады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атырауда полицейлер қоғамдық орындарда темекі өнімдерін пайдалану бойынша құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында ойын-сауық орындарында тексеру жүргізді. Рейд барысында қала аумағындағы демалыс және ойын-сауық орындары тексерілді. Нәтижесінде полиция қызметкерлері облыс орталығындағы көңіл көтеретін орындарда қорқор тұтынудың 37 дерегін анықтап, құқық бұзушылыққа жол берген кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларды жауапкершілікке тартты.
"Бүгінгі таңда тәртіп сақшылары қорқор (кальян) шегумен тұтынуға байланысты құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған рейдті жалғастыруда. Осы ретте, қоғамдық орындарда темекі өнімдерін (кальян) тұтынуға тыйым салуды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделіп, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатынын ескертеміз" делінген облыстық ПД баспасөз қызметінде.