ATPress.kz. 18 мамыр. Жалпы салмағы 1 тонна 248 келіні құрайтын бекіре балығы өңірдегі қос бірдей зауытқа тапсырылды. Олар енді өндірістік мақсатқа қолданылатын болады.
Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мамандарының айтуынша, мемлекеттік тапсырыс аясында өндіріске қажеттілік үшін 174 дана бекіре тұқымдас балық ауланған. Оның үшеуі қорытпа, 39 бекіре, 124 шоқыр және сегізі сүйрік балығы.
Тоқтала кеткен жөн, бүгінде өңірде «Бекіре» акциясы қарқынды жүргізілуде. Нәтижесінде, 60 тоннадан астам балық және 11 келі қара уылдырық тәркіленген. Заңды белшеден басқандарға 9 млн теңге әкімшілік айыппұл салынған. 108 адам жауапкершілікке тартылып, 107 қылмыстық іс қозғалыпты.
Айдос Қарабала
Сурет inform.kz сайтынан алынған