ATPress.kz. 2 тамыз. Бүгінде бес атыраулық азамат ДАИШ лаңкестік ұйымының қатарында соғысып жүр. Ал шет мемлекеттердегі күмәнді оқу орталықтарында 29 атыраулық білім алуда. Соның ішінде 22 адам Египет Араб Республикасында, алтауы Сауд Арабиясында, біреуі
Бұл ақпарат облыстық «Атырау» газетінің сайтында жарияланған. Мақалада шетелде оқитын 29 адамның қай-қайсысы да жеке меншік сипаттағы күмәнді орталықтарда оқитыны жазылған. Белгісіз «шейхтардың» әр сөзін бұлжымас заңдай қабылдап жүрген жерлестеріміздің бәрі де көші-қон режимін бұзғаны үшін қазір шетелдік полицейлерден жасырынып жүрген көрінеді.
Осы орайда, дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, бұдан былай өз бетімен шеттен діни ілім алғысы келетіндерге заңмен тыйым салу мәселесі қаралуда. Яғни, діни сауат ашамын, бакалаврлық білім аламын десеңіз, мархабат! Тек, өз елімізде оқуға міндеттісіз. Осы талапқа бағынсаңыз, онда магистратура мен докторантураны шетте жалғастыра аласыз. Оған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жолдамасы арқылы ғана рұқсат етіледі.
Айдос Қарабала
Фото newstes.ru сайтынан алынған