ATPress.kz. 14 тамыз. Атырау қалалық жер қатынастары бөлімі осы күнге дейін заңсыз келісім беріп келген. Жыл басынан бері мұндай сипаттағы 263 факті анықталып отыр.
Бұл заңсыздықты Атырау қалалық прокуратурасы әкімшілік кедергілерге талдау жүргізу кезінде әшкерелеген. Яғни, тұрғындар жергілікті атқарушы органдар тарапынан жерге орналастыру жобасы бекітілгеніне қарамай, жер телімінің шекарасын белгілеу актісінің схемалық сызбасына қалалық бөлімнен келісім алып отырған.
Аталған заң бұзушылық бойынша қала прокуратурасы ұсыну актісін енгізді. Енді қалалық әкімдікке қарасты жер қатынастары бөлімінің заңсыз келісім беру тәжірибесіне тосқауыл қойылды.
Айдос Қарабала
Фото 24tv.ua сайтынан алынған