Атырауда браконьерлер ұсталды

ATPress.kz. 6 желтоқсан. Атырауда браконьерлерден жарты тоннадан астам балық тәркіленді. Браконьерлердің моторлы қайығында тыйым салынған өзге де балық аулау құралдары табылған.

Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, оқиға 5 қараша күні, кешкі сағат 21.00-де тіркелген. Атырау қаласына қарасты Дамбы ауылын қиып өтіп жатқан Жайық өзені бойында жүргізілген рейдтік іс-шаралар кезінде, «Амур» моторлы қайығын ұсталады. 

Қайықта Құрманғазы ауылының екі тұрғыны болған. Құқық бұзушылық кезінде 667 келі қара балық пен тыйым салынған құралдар – қытай ауы табылды.

«Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық Кодексінің 335 бабы «Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау» бойынша алдын ала тергеу басталды», - дейді Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Данияр Баймағамбетов.

 

Бек Әзберген