Атырауда 8 жасар қыз жоғалып кетті

ATPress.kz. 15 маусым. Атырау облысында 8 жасар қыз із-түссіз жоғалып кетті. Ол 14 маусым күні Бесікті орта мектебіндегі лагерьге кеткеннен кейін үйіне қайтып оралмаған.

Бұл туралы Атырау облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. Жоғалған қыздың анасының айтуынша, бүлдіршін 14 маусым күні сағат 9.00-де мектеп жанындағы лагерьге кеткен. Ал лагерь әкімшілігі бүлдіршіннің сағат 17.15-те босап, үйіне қарай шыққанын растайды. Алайда, қыз үйіне қайтпаған.

Бүгінде жергілікті полицияның барлық жеке құрамына тапсырма беріліп, жоғалған қыз іздестірілуде. Егер бұған қатысты қандай да бір ақпарат болған жағдайда 102 нөміріне хабарласу сұралады. 

 

Айдос Қарабала