Атырауда 151 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды

Атырау қаласының полиция басқармасы Патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен қалада құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын-алуға және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жедел профилактикалық іс-шаралар өтуде, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Іс-шара барысында ҚР ӘҚБтК-нің түрлі бабымен 151 құқық бұзушылық фактісі тіркелді. Оның басым бөлігі жаяу жүргiншiлердiң жол жүрісі қағидаларын бұзуы (56), жүргізушінің белдік тақпауы (45). Сондай-ақ, көлiк құралын басқару құқығы жоқ адамның оны басқаруы (15), көлікке стандартқа сай емес жарық шамдарын орнату (14), көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон ұстау (14), көлік жүргізу құқығынан айырылған азаматтың көлік басқаруы (2), масаң күйде көлік жүргізу (2), жаяу жүргіншіге жол бермеу (3).

- Рейд кезінде міндетті сақтандыру полиссіз, міндетті техникалық байқаудан өтпеген, астыңғы жарық шамдарына лед орнатқандар, екі алдыңғы бүйір терезелерін қараңғылатылған немесе перде таққандар және қоғамдық орында шылым шегіп, қалдығын белгіленбеген орынға тастаған азаматтарға әкімшілік хаттама толтырылып, заңға сай айыппұл салынды. Бұл шара – жол қауіпсіздік ережесінің сақталуын қадағалау, әкімшілік құқық бұзушылықтың, қылмыстың алдын алу бағытында ұйымдастырылды. Рейд бір апта бойына жалғасады, - деді Атырау ҚПБ ППБ қызмет инспекторы, полиция сержанты Талапбек Сейдағұлов.

Анықтама үшін: темекі тұқылын тастаған азаматқа 5 АЕК, міндетті техникалық байқаудан өтпеген көлік иесіне 20 АЕК, сақтандыру полисінсіз жүргізушіге 10 АЕК және темір тұлпарының алдыңғы бүйір терезелерін қараңғылатқан азаматқа 5 АЕК айыппұл салынды.