Әскери бөлімнің қызметкерінен тыйым салынған заттар тәркіленді

ATPress.kz. 18 қыркүйек. Атырауда әскери бөлімнің қызметкерінен тыйым салынған заттар тәркіленді. Ол УГ-157/9 мекемесіне рұқсат етілмеген бұйымдарды заңсыз кіргізкісі келген.

Бұл туралы УГ-157/9 мекемесінің бастығы Е. Дәулетқалиев мәлімдеді. Айтуынша, облыстық қылмыстық атқару жүйесінің департаменті жалпы режимдегі түзеу мекемесінің қызметкерлерімен бірлесіп жедел-профилактикалық іс-шара өткізген. Нәтижесінде, 17 қыркүйек күні №5546 әскери бөлімінің кезекшілікке түсетін қызметкерінен заңсыз заттар табылған. Яғни, аталған әскери бөлімнің бақылаушысының қалтасынан мекеме аумағына кіргізуге тыйым салынған ұялы телефон және тоқ бергіші тәркіленіпті. 

Сөйтіп, әскери қызметкер рұқсат етілмеген бұйымдарды жазасын өтеуші және оның туыстарымен алдын ала келісу арқылы кіргізуге ниеттенген. 

Қазіргі уақытта №5546 әскери бөлімінің бақылаушысына қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Айдос Қарабала

Фото timeskz.kz сайтынан алынған