54 атыраулық Сирия соғысында жүр

ATPress.kz. 14 наурыз. Күні бүгінде 54 атыраулық Сирия соғысында жүр. Бұл туралы Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Атырау облысы дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиев мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, «отты нүктеге» аттанғандардың дені әйелдер екен. «Олардың ішінде отбасымен бірге үдере қоныс аударғандардың саны – 14. Қазіргі таңда бір ғана Атырау облысы бойынша 67 бала соғыс даласында жүр», - деп атап өтті спикер Қайролла Көшқалиев. 

Белгілі болғанындай, аталған 67 баланың екеуі он сегізге толған, 34 бала мектеп жасында, қалғандары мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер. Қазіргі таңдағы олардың тағдыры белгісіз күйінде қалып отыр. 

 

Тасым Әбіш