ATPress.kz. 17 тамыз. Атырауда 18 жастағы жігіт күдікті ретінде қамауға алынды. Екі ай мерзімге күзетпен ұстауға санкцияланған жас жігіт Мұқыр селосының тұрғыны.
Қызылқоға аудандық сотына ұсынылған қылмыстық іс материалдарына сәйкес, Мұқыр селосындағы «Құс» фабрикасы ғимаратының маңайында, 1999 – 2000 жылдары туған бір топ жас жігіт төбелескен. Сол кезде С. есімді жігіт бұзақылық ниетпен кәмелетке толмаған М. есімді жәбірленушінің бірнеше жерінен пышақ сұққан. Кейін оқиға орнынан бой тасалапты.
Күдікті С.-ның іс-әрекеті Қылмыстық Кодекстің «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша сараланды. Сөйтіп, тергеу судьясының қаулысымен оған бұлтартпау шарасы ретінде 2 ай мерзімге «күзетпен ұстауға» санкция берілді.
Айдос Қарабала
Фото region15.ru сайтынан алынған