Атыраулықтар Әз-Наурызды ерекше көңіл-күймен қарсылауда /ВИДЕО

АTPress.kz. 22 наурыз. Наурыз мерекесін тойлау үшін қала тұрғындарының көпшілігі ертемен Исатай мен Махамбет алаңына жиналды. Шараға жиналған облыс тұрғындары мен қонақтарын Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев құттықтап, әр шаңыраққа құт береке тіледі.

Наурыз тойын тойлауға облыстағы барлық мекемелер атсалысуда. Олар алаңға киіз үйлер тігіп, қонақтарға ұлттық тағамдардан дәм ұсынды. Асық ату, арқан тартыс, садақ ату, кір тасын көтеру секілді ұлттық спорттық ойындарға шара қонақтары да белсенді араласып, сый-сыяпатқа ие болды. Киіз үйлерде беташар, бесікке салу, келін түсіру, сыңсу секілді салт-дәстүрден көрністер қойылды. Теңізшевройл кәсіпорыны тіккен киіз үйде құда қарсы алу рәсімі жасалды. Оған аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев бас құда болып кіріп, қонақтарға наурыз батасын берді. 

Мерекеге орай кешкі сағат 19.00-де қазақстандық өнер жұлдыздарының қатысуымен Исатай мен Махамбет атындағы алаңда мерекелік гала-концерт өтеді. 

Сағат 23.00-де Исатай мен Махамбет атындағы алаңда - мерекелік от шашу

 

Нұрбейбіт Нұғыманов

Сурет, видео автордікі