"Қайғылы оқиға Талдықорғанда тіркеліп отыр" деп хабарлайды ATPress.kz
Polisia.kz-нің дерегіне сәйкес, Талдықорғанда 25 тамыз күні кешке құрылысы аяқталмаған биік ғимараттың жанынан қыз баланың мәйіті табылған. Оқиға Талдықорған қаласындағы "Восточный" шағын ауданының шетінде болған.
Болжам бойынша, 23 жастағы жергілікті тұрғын үлкен биіктіктен секіріп, өзіне қол жұмсаған. Өлім себептері мен мән-жайы анықталуда. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Фото: ашық дереккөздерден