Бір адамға 265 рет пышақ ұрған азаматтың соты болды

Ерекше қатыгездікпен кісі өлтіру фактісі бойынша тіркелген қылмыстық іс Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

«Іс қылмыстық кодекстің  99-бабы, 2-бөлігі, 5-тармағына сәйкес  қаралды» деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
 2021 жылдың 7 қарашасында Екібастұз қаласында айыпталушы пәтерде ерекше қатыгездікпен 265 рет пышақ жарақатын салып, ер  адамды өлтірген.
«Прокурор сотталушыны кінәлі деп таныды және 17 жылға бас бостандығынан айырып, қатаң режимдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеуді сұрады. Сотталушы өз кінәсін ішінара мойындап, соттан оның әрекетін ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігіне қайта  ауыстыруды, яғни ерекше қатыгездік белгісін алып тастауды сұрады. Іс бойынша жәбірленушілер мемлекеттік айыптаушыны толық қолдап, жазаны неғұрлым қатаңдатуды сұрады, сондай-ақ арыз талаптарын толығымен қанағаттандыруды сұрады» деп жазылған хабарламада. 
Бұл бапқа сәйкес заң бойынша, 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Сот жазаны жеңілдететін мән-жайларды, қылмыс жасаған адамның қасында кәмелетке толмаған баланың болуын, кінәсін ішінара мойындауын және ауырлататын мән-жайды, алкогольдік масаң күйде болғанын ескере отырып,   қатаң режимдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде мерзімін өтеумен 17 жылға бас бостандығынан айыру  түрінде жаза тағайындады. 
Үкім заңды күшіне енген жоқ.