Атырау облысында жол апатынан бес адам мерт болды, деп хабарлайды ATPress.kz.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 26 маусым күні сағат 16:00 шамасында болған.
«Республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 31-шақырымы тұсында Toyota Hiluxe және Hyundai Tucson автокөліктері соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Hyundai Tucson көлігінің 37 жастағы жүргізушісі мен оның 4 жолаушысы оқиға орнында қаза болды. Toyota Hiluxe автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады департаменттен.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, көлік апатына жолда жүру ережесін сақтамау себеп болды. Қазір аталған жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.