Атырауда 6 адам суға батып кеткен

Атырауда шомылу маусымы басталғалы 6 адам суға батып кеткен, деп хабарлайды ATPress.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі 15 маусымнан бері 6 адам суға батып, жантәсілім еткенін мәлімдеді. Оның ішінде кәмелетке толмаған 3 жасөспірім бар.
  Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары су айдындарына батып бара жатқан 6 адамды құтқарды. Судан құтқарылғандардың арасында 4 жасөспірім болған.
   

Сурет - ашық дереккөзден.