Атырау облысында не өртеніп жатыр?

Желіде тараған жанып жатқан алау видеосына қатысты “Ембімұнайгаз” АҚ баспасөз қызметі пікір білдірді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

"6 наурыз күні “Ембімұнайгаз” АҚ (ЕМГ) “Жылыоймұнайгаз” мұнай-газ өндіру басқармасының Батыс Прорва кен алаңының N437 ұңғымасында перфорациядан кейін, сорапты-компрессорлық құбырды (СКҚ) түсіруде газ шығуы орын алды, бұл СКҚ істен шығуына әкеліп соқтырды. Зардап шегушілер жоқ. ЕМГ жедел штабы шұғыл шаралар жүргізуде: ұңғыманың аумағы қоршалып, қалыпқа келтіру жұмыстары жүруде. Оқиға орнында "Ақ Берен" ЖШС, "Семсер Өрт сөндіруші" ЖШС", "СОП Атырау" ЖШС мобильді күзет жұмыс жасауда" делінген “Ембімұнайгаз” АҚ Қоғаммен байланыс тобы таратқан мәліметте.

Аман ШАМАР