Ақкиізтоғай ауылында ақын Қоғаш Сағынбаевтың 90 жылдығына орай «Өлеңің барда, өзің де, Қоғаш, тірісің» атты әдеби жыр кеші өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кештің мақсаты жерлес ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттау болды.
Әдеби кеште ақынның бірқатар туындылары орындалды. Одан бөлек мектеп оқушылары күй тартып, терме орындады.
Жиын соңында кеш қонақтары сөз сөйлеп, жиылғандарға ақын туралы естелік әңгімелерін айтты.
Айта кету керек Қоғаш Сағынбайұлы Жылыой ауданының, Жем өңірінде 1933 жылы 4 шілдеде дүниеге келген. Ол халықпен біте қайнасып, бірге өскен өз ауылының ардақты ақыны болған. Қоғаш Сағынбайұлының «Биікпін деп мақтанба», «Шопандар тойында», «Алла деген амандық», «Теңіз деген ауданда», «Уәде өзің берген» және т.б туындылары бар.