Жылыой ауданында «Жаса, жаса Кең Жылыой» атты ретро концерт өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Жылыой ауданында жергілікті сазгер Қуаныш Бекеновтың 75 жас мерей тойына және ауданымызға белгілі әнші, ардагер-өнерпаз Рабиға Ғалиеваның 85 жылдығына орай «Жаса, жаса Кең Жылыой» атты ретро концерт өтті. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті. Биыл ауданға белгілі ақын Лұқпан Сисекеновтың сөзіне жазылған Қуаныш Бекеновтың «Кең Жылыой» әніне 50 жыл толып отыр.
Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақова сазгер Қуаныш Бекенов пен ауданымызға белгілі ақын Лұқпан Сисекеновке алғыс хат табыстап, құрметін білдірді. Сондай-ақ аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Арай Нұрмаханова кеште өнер көрсеткен өнерпаздарға алғыс хат берді.
Мерекелік концертте бірқатар ретро туындылар орындалып, кеш соңында «Кең Жылыойым» әні шарқалды.