Жылыойда «Екі жұлдыз» байқауы өтті

Жылыойда аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Екі жұлдыз» атты аудандық ән байқауы өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті. Ән байқауына 4 жұп қатысып, патриоттық және еркін тақырыпта ән орындап, өзара бақ сынасты.

Қатысушыларға ауданымызға белгілі, күміс көмей әншілер Дәмелі Сарова және Назгүл Жиенбаева, «Қазақстан дауысы» жобасының қатысушысы, белгілі әнші Азамат Төрехан қазылық етті.

Өнер додасында ерекше дауыс иелері Қайрат Үркенбаев пен Толғанай Бақыт І орынды иеленсе, Ғалиасқар Утеов пен Көрікті Сюнғалиеваның жұбы ІІ орынға және Аймира Орынбасарова мен Данара Түсіпқалиеваның жұбы ІІІ орынға ие болды. Сондай-ақ Нұрлыбек Амандықов пен Аружан Жүнісоваға алғыс хат табысталды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ