ATPress.kz. 16 қараша. Қасиетті Қызылқоға жерінде қаймағы бұзылмай сақталған асыл мұраларымыздың бірі – сазгерлік өнер. Туған жерден түлеген жергілікті сазгерлердің шығармаларын насихаттау мақсатында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Сазды әу
Сейсенбі күні Жангелдин мәдениет үйінде өткен ән байқауына Сағыз, Миялы, Жангелдин, Тасшағыл, Жамбыл және Қызылқоға ауылдық округінен алты үміткер қатысты. Олар байқау шарты бойынша композитордың бұрын жарияланбаған туындысынан екі әннен орындады.
Шарада үміткерлердің орындауында жергілікті сазгерлер Сейсенбі Құлмағанбетовтің «Туған жер Тайсойған», Қалидолла Ізекеннің «Арман шуағы», Еңсеген Әбидің «Майдангер», Әбдіғапар Темірхановтың «Туған жерге сағыныш», Құралбек Жұмаевтың «Тасшағылым», «Атырау әнім», Қуаныш Кеңестің «Сізге келдім», «Мейрамыңмен», Дастан Саркенженің «Жас қала Астана» және «Ностальгия» әндері шырқалды. Нәтижесінде Тілек Майкөзовтың сөзіне жазылған «Мектеп маршын» оқушылар хорымен және Еңсеген Әбидің әні «Майдангерді» орындаған жангелдиндік Хайролла Мәдиев бас жүлдеге ие болса, өз туындысы «Сізге келдім», «Мейрамыңмен» әнін салған Сағыз ауылдық округінен қатысушы Қуаныш Кеңес бірінші орынды иеленді.
Шара соңында жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар тапсырылды.
Бауыржан Сақтасинов