ATPress.kz. 15 қараша. Киелі Құрманғазы топырағында дүниеге келіп, талай додаларда топ жарып жүрген Ерболат Хайроллаев Астана қаласында өткен XX халықаралық «Шабыт» жастар фестиваліне қатысып бірінші орын лауреаты атанды.
Кейіпкеріміз бүгінде Дина Нұрпеиісова атындағы халықтық музыка академиясы Атырау музыка колледжін тәмамдап, қазіргі таңда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында домбыра мамандығы бойынша білімін жалғастыруда.
Айта кетелік, Ерболат Хайроллаев бұған дейін Ақтау қаласында өткен Мұрат Өскенбайұлы атындағы конкурста бірінші орын жүлдегері атанған болатын.
Өз тілшіміз