ATPress.kz. 11 қараша. Көптің көңілінен шығып жүрген Жұлдыз Асауова əртүрлі жанрдағы əндерін орындап, өз жанынан туған өлең жолдарын оқыды.
«Өнердің жолы бəрі еңбек,
Ақындығымды дəлелдеп.
Сахнада жырлайын,
Баршаңызға сəлем», -
деп жолдарымен «Жұлдызым» атты өнер кешін бастаған Қызылқоға ауданының өнерпазы Жұлдыз Асауова тыңдармандарға əсерлі кеш сыйлады. Көптің көңілінен шығып жүрген Жұлдыз Асауова əртүрлі жанрдағы əндерін орындап, өз жанынан туған өлең жолдарын оқыды.
Ал, өнердегі достары Нұрболат Баяш, Бисұлтан Мұхтаров, інісі Мирас Ержанұлы, кеш қонағы Əсел Құсайынова мен «Ойыл аруы» кіші бишілер тобы кештің әрін келтіре түсті.
Өзінің жан əлеміндегі сұлулықты əнмен əрлеген Жұлдыз Асауова көрерменнің зор қошеметіне ие болды.
Кеш соңында Қызылқоға ауданы əкімі Арман Баженов өнерпазға ықылас гүлін табыс етті.
Нұрсəуле Жауынбаева,
Қызылқоға ауданы