АTPress.kz. 20 сәуір. Қазақстан Республикасы Президентінің өкіміне сәйкес, ұйымдастыру комитеті 2017 жылғы «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсын жариялады. Дәстүрлі конкурс үш кезеңнен тұрады.
Байқауды ұйымдастырудың алғашқы кезеңі аудандық (қалалық), екінші кезеңі облыстық және соңғы кезең – ұлттық болып саналады.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер тиісті құжаттар қоса тіркелген арнайы нысан бойынша аудандық (қалалық) комиссияларға 2017 жылғы сәуірдің 1-нен 30-на дейін беріледі.
Толық ақпаратты www.kaztube.kz сайтынан алуға болады.
Мереке Асанова