«Ерлік те, елдік те ұрпаққа аманат»

ATPress.kz. 5 мамыр. Атырау қаласында 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне және Жеңістің 72 жылдығына орай бірнеше іс-шара жоспарланған. Соның бірқатарын назарларыңызға ұсынамыз.

5 мамырда Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында, сағат 15:00-де «Әгугай» жастар шығармашылығына арналған би фестивалі өтеді.  

Сонымен қатар, 5 мамыр күні Махамбет атындағы облыстық қазақ драма театрында кешкі сағат 19:00-де «Алмалы. KZ» ІY халықаралық балалар өнер фестивалінің салтанатты жабылуы болады. 

Ал, 6 мамыр сағат 10:00 – 14:00 аралығында ҚР Қарулы күштерінің 25 жылдығына арналған «Atyrau marathon» өтеді. Қатысушылар «Мұнайшы» стадионынан бастап, арнайы маршрут бойынша жүгіріп өту жоспарланған.

7 мамыр сағат 10:00-де ҚР Қарулы күштерінің 25 жылдығына арналған әскери парадтың тікелей көрсетілімі болады. Өтетін орны: Исатай-Махамбет алаңы.

7 мамырда сағат 11.00-де Исатай мен Махамбет алаңында ҚР Қарулы күштерінің 25 жылдығына арналған «Песенный парад-Әндер шеруі» және «Мен қазақтың сарбазымын» атты Атырау гарнизоны бөлімдері әскери қызметкерлерінің концерті өтеді. 

Сондай-ақ, 7 мамырда Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында «Көктемгі күншуақ» әдеби-сазды бағдарламасын өткізу жоспарланған. Уақыты:  11.00 және 15.00.

8 мамыр күні, сағат 9.00-де Ұлы Отан соғысына қатысқандарға және 1921 жылы Гурьев қаласында Кеңес үкіметін орнату жолында күресіп қаза тапқандарға арналған ескерткішке гүл қою рәсімі болады. Өтетін орны: Христиан халықтары жерленген зират (И. Тайманов көшесі).

8 мамырда «Қаһарман Ұлт-Бессмертный полк» жалпы республикалық акциясы ұйымдастырылады. Өтетін орны: «Жеңіс» саябағы, сағат 10.00.

8 мамыр күні сағат 15.00-де Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында «Фламинго» би ұжымының қайырымдылық концерттік бағдарламасы өткізіледі.

9 мамырда «Ерлікке тағзым!» атауымен Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлес жауынгерлерге арналған мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді. Жеңіс саябағы, «Мәңгілік алау» монументі, сағат 10.00.

9 мамыр күні сағат 11.00-де «Жеңіс» саябағының алдында «Сарбаз ботқасы-Солдатская каша» акциясы өтеді деп күтілуде. 

Қала халқы мен қонақтарына арналған «Жеңіс Туы желбірейді мәңгілік!» мерекелік кешкілік концерттік бағдарламасы. 9 мамыр, сағат 20.00, Исатай-Махамбет алаңы.

9 мамыр кешкі сағат 23.00-де Исатай мен Махамбет алаңында мерекелік отшашу болады.

 

Суреттің авторы - Рахим Қойлыбаев