ATPress.kz. 10 қараша. Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында сол өңірдің белгілі ақыны, термеші, кенші Шынболат Ділдебаевтың 80 жылдығына арналған «Текті сөздің төресі - терме» атты республикалық термешілер байқауы өтті. Оған облыстық байқаудың жеңімпазы,
Республикалық додада 17 қатынасушы екі кезең бойынша сынға түсті. Алғашқы кезең жергілікті ақынның жазған өлеңін әр өңірдің мақамына салып орындауда Гүлдана жарсуаттық ақын Мұрат Таластың «Қазақстан – мәңгілік ел» атты термесін, екінші кезеңде Ш.Ділдебаевтың «Айтылды жалған қосылмай» атты термесін орындап шықты. Міне, екі кезең бойынша сыннан сүрінбей өтіп, суырылып алға шыққан, қарсыластарын қапыда қалдырған жас термеші Гүлдана Исламғалиқызы қазылардың әділ шешімімен бас жүлдені қанжығаға байлады. Оған Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының төрағасы Жүрсін Ерман оң бағасын берді. Өзге өлкенің сахнасында облыстың намысын қорғаған Гүлдана сондай-ақ 1 миллион теңгенің сертификатымен марапатталды.
Айта кетелік, бүгінде Гүлдана Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Құқықтану» мамандығының 1 курсында оқиды.
Д. Ағысұлы