Бүгін Наурызнаманың төртінші күні — Шаңырақ күні, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Көктем ең жайлы, мамыражай мезгіл. Ол жаңарудың уақыты. Қыстан аман-есен шығып, көктемге қадам басуымыздың өзі үлкен мереке іспетті. Соған орай, Достық үйінде “Пәрвәз”ұйғыр ЭМБ ұйымдастыруымен “Сәлем, Көктем” атты қайырымдылық концерті мен ДЦП диагнозы қойылған балаларға арналған қайырымдылық акциясы жәрмеңкесі өткізілді. Онда қаланың көптеген этномәдени бірлестіктері қатысып, әрі қарай шара ән, бимен жалғасын тапты. Жәрмеңкеде жиналған қаражат “Золотое время!” қоғамдық қорына аударылатын болады.
Сондай-ақ, Қазақстан орыс, славян және казак ұйымдары Қауымдастығының ұйымдастыруымен, қала тұрғындарының Масленица мерекесі аталып өтті. Дәстүрлі Масленица – қысты шығарып салу мен көктемді қарсы алуға арналған христиандардың Ұлы оразасы алдындағы бір апта бойына жалғасатын мереке.