Атырауда облыстық ішкі саясат басқармасының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 14-35 жас аралығындағы жастар арасында шығармашылық байқау өтеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Мақсаты – қала жастарының шығармашылық деңгейін арттыру, оларға қолдау көрсету, бұқараға жас таланттарды таныту.
Байқау фотосурет, графикалық дизайн, қолөнер бұйымдары, көркемсурет бағыттары бойынша ұйымдастырылады.
Әрбір бағыт бойынша жүлде қоры-250 000 теңгені құрайды.
ФОТОСУРЕТ бағыты - "Атырау қаласының күнделікті өмірі", ГРАФИКАЛЫҚ ДИЗАЙН бағыты - "Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығының логотипін даярлау",
ҚОЛӨНЕР БҰЙЫМДАРЫ бағыты - "Бейбітшілік", КӨРКЕМСУРЕТ бағыты - «Мен отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсымын» тақырыбына арналған.
Толық ақпарат және тіркелу үшін WhatsApp: +7702 185 75 87