АTPress.kz. 15 наурыз. Атырау қаласының әкімдігі Наурыз мейрамына байланысты өткізілетін мерекелік іс-шаралар бағдарламасын жариялады.
19 наурыз
Сағат 15.00 - «Ақ Жайық аруы» қалалық арулар байқауы.
(Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы).
20 наурыз
Сағат 10.00 - 11.00 - Қолөнер шебелерінің көрмесі, киіз үйлер құру салтанаты.
(Исатай-Махамбет атындағы алаң).
Сағат 15.00 - «Жаңа толқын-2017» қалалық жас орындаушылардың байқауы.
(Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы).
21 наурыз
Сағат 15.00 - «Наурыз той-думан!» атты мерекелік бағдарлама.
(С.Мұқашев атындағы алаң).
Сағат 14.00 - Мекемелер арасында ұлттық салт-дәстүрлерден көріністер байқауы.
(Исатай-Махамбет атындағы алаң).
Сағат 17.00 - Жастар арасындағы замануи би түрлерінен байқау.
(С.Мұқашев атындағы алаң).
Сағат 19.00 - «Өмір гүлі» ансамблінің қайырымдылық концерті.
(Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы).
22 наурыз
Сағат 10.00-13.00 - «Қош келдің, Әз-Наурыз!» атты театрландырылған бағдарлама:
- театрландырылған көріністер;
- ұлттық ойындар (тоғызқұмалақ, асық ату, арқан тарту, садақ ату, кір тасын көтеру);
- салт-дәстүрден көрністер (беташар, бесікке салу, келін түсіру, сыңсу);
- жергілікті тауар өндірушілердің сауда-саттық жәрмеңкесі.
Исатай-Махамбет атындағы алаң.
Сағат 13.00-16.00 - «Шуағын төккен, Наурыз көктем» мерекелік концерттік бағдарлама.
Исатай-Махамбет атындағы алаң.
Сағат 15.00 - «Үздік киіз үй», «Дәмді Наурыз-көже» конкурстарының және спорттық ойындардың жеңімпаздарын марапаттау салтанаты.
Исатай-Махамбет атындағы алаң.
Сағат 10.00 - «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні!» атты сазды бағдарлама:
- сауда-саттық жәрмеңкелері мен ұлттық ойындар.
«Вокзал маңы» шағын ауданындағы С.Мұқашев бульварында.
Сағат 10.00 - «Наурыз-Жаңа күн» атты сазды бағдарлама.
- сауда-саттық жәрмеңкелері мен ұлттық ойындар.
«Нұрсая» шағын ауданындағы «Олимпиадалық резерв» орталығы ғимаратының алдында.
Сағат 10.00 - «Наурыз-береке бастауы» атты сазды бағдарлама:
- сауда-саттық жәрмеңкелері мен ұлттық ойындар.
«Нұрсая» шағын ауданындағы «Сарайшық» коммуналдық сауда ғимараты алдында.
Сағат 10.00 - «Наурыз-көктем, жыр-думан» атты сазды бағдарлама:
- сауда-саттық жәрмеңкелері мен ұлттық ойындар.
«Балықшы» шағын ауданындағы «Аққу» сауда үйі алдына.
Сағат 10.00 - «Қош келдің, Наурыз жыл басы!» сазды бағдарлама:
- сауда-саттық жәрмеңкелері мен ұлттық ойындар.
«Авангард» шағын ауданындағы Жеңіс саябағы аумағында.
Сағат 10.00 - «Наурыз-ырыс пен береке бастауы!» атты сазды бағдарлама:
- сауда-саттық жәрмеңкелері мен ұлттық ойындар.
Қ.Смағұлов атындағы алаң.
Сағат 10.00 - «Қош келдің, Әз-Наурыз!» атты сазды бағдарлама:
- сауда-саттық жәрмеңкелері мен ұлттық ойындар.
«СМП-136» шағын ауданындағы «Лидер» сауда үйі алдында
(бұрынғы облыстық МАИ мекемесіне барар бұрылыста).
Сағат 10.00 - «Жаса, жайна әз-Наурыз!» атты мерекелік бағдарлама.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің алды.
Сағат 19.00 - Қазақстандық өнер жұлдыздарының қатысуымен мерекелік гала-концерт.
Исатай-Махамбет атындағы алаң.
Сағат 23.00 - Мерекелік от шашу.
Исатай-Махамбет атындағы алаң.
Мереке Асанова