Атырау облысының әкімі Алаш идеясын насихаттауға шақыруда

ATPress.kz. 4 қараша. Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Алаш қайраткерлерінің өмірі мен кейінгі ұрпаққа қалдырған тарихи мұраны насихаттауға шақыруда.

«Өскелең ұрпақ, жастар Алаш қайраткерлерінің аттарының бәрін біле бермейді. Атырау өңірінің өзінде сол идеяны ту етіп ұстап, сол жолда жанын пида етіп қамауға кеткен қаншама азамат бар? Сол азаматтардың есімдерін қайта жаңғыртуымыз керек. Олар туралы деректеріміз әзірге аз. Барлығы «шаң басқан» архивтерде жатыр. Демек, оны табу – біздің міндетіміз», - деп атап өтті аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев Атырауда өткен өнер фестивалінде. 

«Айдынды Атырау - Айбынды Алаш» тақырыбымен  Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған республикалық дәстүрлі өнер фестивалінде Қатимолла Бердіғалиев, Айгүл Елшібаева, Қапаш Құлышева, Еркін Шүкіманов, Жәкен Омаров сынды өнер қайраткерлері әуелете ән шырқады. 

 

Ясмин Әли