АTPress.kz. 16 ақпан. EXPO-2017 көрмесі аясында Астана қаласында алғаш рет «Turkvision» заманауи эстрадалық әндерінің байқауы өткізіледі.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтылды.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Алмаз Нұразханның мәліметіне сүйенсек, «Turkvision» заманауи эстрада әндері байқауы болмақ. Ол түркі халықтарының тамыры бір екендігін насихаттайды.
- Байқау елімізде алғаш рет өткізіледі. Бұл қазіргі уақытта келісілген дүние. Біз қонақ ретінде бұған дейінгі байқауларға жеңіске жеткендерді шақырудамыз. Қазіргі уақытта Түркия және Орталық Азия елдерінде байқауға қатысу үшін іріктеу жүргізілуде, - деді А.Нұразхан.
Мереке Асанова