ATPress.kz. 19 мамыр. Ш.Сариев атындағы өнер музейінде ұйымдастырылған музей түні және ашық есік күні шарасында қолөнер шеберлері келушілерге қыштан мүсін жасаудың сырын үйретіп, тәжірибесімен бөлісті.
Ашық есік күні барысында музей жәдігерлері қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан туындылар музей ауласына қойылып, көрермендердің тегін тамашалауына мүмкіндік жасалды.
«Шараның басты мақсаты – тарихи-мəдени шаралар арқылы музейге келушілердің, әсіресе жастардың назарын аударып, қызығушылығын арттыру. Музейді кездесу әрі демалыс орны ретінде сезіндіру», - дейді ұйымдастырушылар.
Ашық есік күні барысында мүсінші Зинат Орынбасарованың қыштан бұйым жасау өнерінен шеберлік сағаты ұйымдастырылып, КСРО Суретшілер одағы мүшелері Ж. Аралбаев, А. Отаралиев, Б. Телеубай, С. Кәрібай, О. Кендір, Е. Дәукенов келушілердің портреттік бейнелерін салып, сыйлық жасады.
Мереке Асанова