Полицей тәртіпке бағынбаған бойжеткенге күш қолданды /ВИДЕО

ATPress.kz. 27 қыркүйек. Шымкентте тосын жағдай орын алды. Полицей тәртіпке бағынбаған бойжеткенге күш қолданды

Оқиға таңғы сағат 7.40-та Тәуке хан даңғылы бойындағы дәмханалардың бірінде орын алған, деп хабарлайды TVK. Куәгерлердің айтуынша, кафеде жанжал шығып, тараптарды тәртіпке салу үшін полиция қызметкерлері келген. Бірақ ашуға берілген топ тәртіп сақшыларына бағынбай, қарсылық көрсетіпті. Осыдан кейін оларға құқық қорғау органының қызметкерлері күш қолданған. Мұны сол маңда жүргендер ұялы телефонға түсіріп алыпты. Видеода байқалғандай, жанжалға қатысқандардың барлығы да нәзік жандылар.
Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер айтылады
Дегенмен, жағдайдың нақты қалай болғаны әзірге белгісіз. Толық ақпарат облыстық ішкі істер департаментінің ресми мәлімдемесінен кейін айқындалмақ.
 
 
Айқара Ғұмар
Фото және видео kk.tvk-uko.kz сайтынан алынған