Атырауда шабақ құтқаруға табиғат пайдаланушылар жұмылдырылды

Талдыкөл ауылындағы «Сарыөзек» арнасында шабақтарды құтқару жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бүгін де канал басында «Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлерінен бөлек балық шаруашылығы мекемелерінің табиғат пайдаланушылары (кооперативтер) да бар, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Табиғат пайдаланушылары ЖШС «Абылай хан», ЖШС «Амангелді», ЖШС «Сев Каспий Фиш», ЖШС «Восток», ЖШС «Қызыл балық», ЖШС «Евразия», ЖШС «Тілекші» мекемелерінен келді.

Аталған мекемелерден құтқару жұмыстарына жалпы саны - 20-дан астам қызметкер мен 6 ерікті, сондай-ақ 6 автокөлік жұмылдырылды. Олардан бөлек жергілікті атқарушы орган қызметкерлері мен белсенділер де құтқару жұмыстарына тартылуда.

- «Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының ұйымдастыруымен бүгін де 7 кооперативтік мекеме шабақтарды құтқару жұмыстарына қатысып жатыр. Бізден, яғни «Абылай хан» ЖШС мекемесінен құтқару жұмыстарына 8 адам, 2 автокөлік жұмылдырылды. Балық шабақтары толығымен құтқарылғанша жұмыстарды жалғастыратын боламыз, - деді ЖШС «Абылай хан» мекемесінің экспедиторы.

Бұдан бөлек, «Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының 25 қызметкері, 5 автокөлігі құтқару жұмыстарына атсалысуда.

Анықтама үшін: 22 шілдеде 100 мың балық шабақтары құтқарылса, 23 шілдеде 350 мың шабақ құтқарылды.