Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 46 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 35 жағдайы расталды, Теңіз кен орнында 7 науқас анықталды. Ал, 1 - Индер ауданында, 2 - Исатай ауданында, 1 науқас Құрманғазы ауданында анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 25 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 21 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 401 адам емделді.
Қазір 2 533 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада - 17, модульдік ауруханада - 109 фтизиопульманологиялық орталықта - 25 адам,
аудандық инфекциялық стационарларда - 41. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 1 науқас емделдіп жатыр.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "сары" аймақта.