Халықаралық білім додаларында топ жарды

Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев мәлім етті, деп хабарлайды өңірлік коммуниациялар қызметі.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пәндік олимпиадалардағы атыраулық оқушы-жүлдегерлердің саны өсіп отыр. Айталық, 2019-2020 оқу жылында 13 медаль болса, оның ішінде 3 алтын, 3 күміс, 7 қола. 2020-2021 оқу жылында 42 медаль, яғни 6 алтын, 17 күміс, 19 қола. 2021-2022 оқу жылында 55 медаль болып отыр. Дәлірек айтқанда 11 алтын, 12 күміс, 32 қола. Облыс бойынша 2021-2022 оқу жылында халықаралық деңгейдегі зияткерлік олимпиадалар, ғылыми жобаларға қатысқан 33 оқушының 33-і де, яғни 100 пайыз жүлделі орындарды иеленген.

- Әлемнің Жапония, Аустралия, Канада, Сингапур, АҚШ, Аргентина, Гонконг, Индонезия, Малайзия, Мексика, Катар, Корея, Түркия және т.б. елдер сияқты 38 елден оқушылар қатысқан халықаралық Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасында Қазақстан командасы 40 медаль жеңіп алды. Олардың ішінде атыраулық оқушылар бар. «Білім-Инновация» ер балалар лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Әділ Сұлтанов 95 ел қатысып, 7695 оқушы бақ сынаған дүниежүзілік олимпиададан күміс жүлдені иеленді. Аргентина, Австралия, Бангладеш, Камбоджа, Канада, Чили, Колумбия, Коста-Рика, Эквадор, Сальвадор, Гонконг, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Корея сынды әлемнің 38 елінен оқушылар қатысқан Азия-Тынық мұхиты математикалық халықаралық олимпиадасында қазақстандық 40 оқушы жүлдемен оралды. Олардың арасында атыраулық оқушылар бар. Атыраулықтардың еншісіне 1 күміс, 2 қола медаль бұйырды. Кипр мемлекетінің Ларнака қаласында өткен математикадан Балқан олимпиадасына Балқан түбегінің 16 елінен 96 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы 2 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды. Атыраулық «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Әділет Зауытхан күміс жүлдеге ие болды. Жергілікті оқушылар «Infomatrix-2022» халықаралық компьютер жобасы жарысынан екі күміс, үш қола медальді жеңіп алды,- деді Ж.Бисембиев.