22 қаңтар күні Атырау қаласы, Көкарна ауылындағы көшелердің бірінде орналасқан үйден түтін шығып жатқаны жөнінде шақырту түсті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Аталған мекенжайда аумағы 210 шаршы метр тұрғын үйдің төбе жабындысы мен 30 шаршы метр жапсарлас салынған кіреберіс және асхана бөлмесі отқа оранғаны белгілі болды. Өрт құтқарушылармен сағат 14:33-те оқшауланып, 14:44-те толықтай жойылды. Зардап шеккендер жоқ.
"Құрметті облыс тұрғындары, тұрмыстағы өрт қауіпсіздігін қатаң сақтаңыздар!" дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ