21 қаңтар күні Құлсары қаласы, Баймұханов көшесінде орналасқан үйлердің бірінен түтін шығып жатқаны жөнінде шақырту түсті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Аталған мекенжайда жапсарлас салынған монша және гараж жабындысының өртенгені анықталды. Өрт құтқарушылармен сағат 10:38-де оқшауланып, 10:47 толықтай жойылды. Имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобынан білгеніміздей, зардап шеккендер жоқ. Шақыртуға жеті төтеншелік қызметкер, екі техника жұмылдырылды.
"Құрметті облыс тұрғындары, тұрмыстағы өрт қауіпсіздігін қатаң сақтаңыздар!" дейді төтеншелік мамандар.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ