73 жастағы атыраулық әйел апельсинге қақалып, тұншыға бастаған, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Қарттар үйінде орын алған тосын жағдайдан жедел жәрдемнің жедел әрекеті құтқарды.
«Біздің бригада оқи орнына келгенде әйел тіпті сөйлей де алмады. Геймлих әдісімен алғашқы медициналық көмек көрсетілген кезде ол есін жоғалтты. Сөйтіп, клиникалық өлім орын алды» дейді облыстық жедел жәрдем стансасы директорының орынбасары Наргиз Абдрахманова.
Абырой болғанда, құрамында фельдшерлер Мейрамгүл Құрмашева мен Аяулым Латиева бар №26 бригаданың ұйымдасқан әрекеті нәтижесінде қайғылы жағдайдың орын алуына жол берілмеді. Реанимациялық шаралардан соң әйел есін жиып, облыстық ауруханаға жеткізілді.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Фото: ru.freepik.com