Атыраулық полицейлер 5 жыл құжатсыз жүрген шетелдікті анықтады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атырауда 14 тамыз-30 қыркүйек аралығында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Мақсат – көпқабатты үйлердің әрбір пәтерін, аулаларды, жеке үйлерді аралап, онда тұрып жатқан адамдар жайлы ақпарат білу және қару иелерін, ІІО-да есепте тұратын тұлғаларды тексеріп, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізу, заңсыз көші-қонның жолын кесу, сондай-ақ шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу тәртібінің қағидаларын бұзушылықтарын анықтау.
Атырау қаласы Полиция басқармасының №6 учаскелік полиция бекетінің учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік аумақты тексеру кезінде, 2018 жылдан бері құжатсыз жүрген Өзбекстан Республикасының 1994 жылы туған азаматын анықтап, Атырау қаласы Полиция басқармасының көші-қон қызмет бөліміне тапсырды.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ