Жарсуатта 10 отбасы баспаналы болды

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Салтанатты шарада Индер ауданы әкімінің орынбасары Әсет Оразғалиев құттықтау сөз сөйлеп, үйдің кілтін табыстады.

- Қазақстандықтарды сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жүйесін кешенді жаңғырту мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі. Еліміздегі баспанаға деген мұқтаждықты төмендету туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында нақты атап көрсеткен болатын. Осыған орай, Жарсуат ауылынан мемлекеттік тұрғын үй қорынан кезекте тұрған тұрғындар үшін үйлер табысталып отыр. Қоныс құтты болсын, - деді Ә.Оразғалиев.

Екі пәтерлі, төрт бөлмелік бес баспананың кілті әлеуметтік жағынан осал топтар және көпбалалы отбасылар санатындағы азаматтарға берілді.

Индер ауданы бойынша тұрғын үй кезегінде 1348 адам бар.